Медиа орталық

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев канадалық «Gobi energy metals Inc» корпорациясының бас директоры Робби Уильям Кохоумен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев канадалық «Gobi energy metals Inc» корпорациясының бас директоры Робби Уильям Кохоумен кездесті

Әңгіме аудармашысыз, таза ағылшын тілінде өтті.

Шығыс Қазақстанда корпорация бірлесіп өндіргісі келетін көптеген минералдық ресурстар шоғырланған. Болашақта мұндай жобаларды жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

«Бізде Қазақстанда өндіру процесіне алғаш рет енгізілетін жаңа технологиялар бар. Өңдеу фабрикаларын барлау, өндіру және салу бойынша жобаларды қарастыруға дайынбыз. Мысалы, мыс өндіретін болсақ, одан әрі катодты мыс пен кабель өнімдерін өндіруге, егер алтын өндіретін болсақ, кейіннен оны тазартуға дайынбыз», - деді Робби Уильям Кохоу.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі тиісті басқармаларға канадалық компанияның мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті ақпаратты беруді тапсырды.

«Біз сіздерге барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Сіздердің жаңа технологияларыңызда цианидті барынша аз пайдалану қарастырылған, сондай-ақ олар шахталарды және терең бұрғылауды қажет етпейді, жер қойнауына әсері де аз», - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Өңір басшысы жобаларды жүзеге асыру барысында инвестордың жергілікті қызметкерлерді оқыту және кәсіпорын айналасында кластерлер құру, экологияны сақтау және топырақ құнарлығын қалпына келтіру бойынша міндеттемелері маңызды екенін атап өтті.

Канадалық корпорация осы саланың тиімділігін арттыру үшін барлық металлургиялық кәсіпорындармен ынтымақтасуға дайын. Бұл жаңа технологиялар әзірге әлемде аз қолданылған. Олар Британдық Колумбия университетінің базасында әзірленді, ал олар бойынша табысты жобалар Моңғолия, Мексика және Перуде іске асырылды.

Канада тау-кен металлургиясы және осы индустриядағы ғылыми зерттеулер саласындағы озық елдердің бірі болып табылады.

Компания өздерінің жаңа технологияларын енгізу бойынша барлық қазақстандық тау-кен өндіруші компаниялармен серіктестікке ашық, бұл оларға өндіру шығындарын барынша азайтуға және барынша пайда табуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге