Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясы Еліміздің Президентіне тиесілі. Дамыған елдерге ұқсас, бірқатар мемлекеттік активтерді біріктірген және орындарда бизнес бастамаларды дамытуға шақыратын, компаниялар құрылды.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Кейін 2011 жылғы маусымда бұрынғы «Ертіс» ӘКК екі қоғамға: «Ертіс» ӘКК және «Павлодар» ӘКК қайта құрылымдау үрдісі жүргізілді.

Жаңа «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., Киров к-сі, 35 мекенжайы бойынша тіркелген (Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 22343-1917-АҚ).  

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ құрылтайшысы ШҚО әкімдігі «ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ болып табылады. Қоғамның оқшауландырылған мүлкі, жеке теңгерімі, банк шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар дөңгелек мөрі, фирмалық бланктері, мөртабаны және өзге деректемелері бар. Қазіргі уақытта ӘКК 12 еншілес және тәуелді ұйымдардың (бұдан әрі – ЕТҰ) құрылтайшысы болып табылады. Қоғамның жарғылық капиталы 2014 жылғы 01 қарашаға 7,8 млрд. теңгені құрайды. 2014 жылғы 01 сәуірге 7 703 149 дана жай акция орналастырылған.

«Ертіс» ӘКК миссиясы - Шығыс Қазақстан облысын мемлекет және бизнес әріптестігі қағидаттарында әлеуметтік-экономикалық дамытуға қолдау көрсету.

«Ертіс» ӘКК пайымдауы  – өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандырушы, активтерді тиімді басқарушы, сонымен қатар инвестицияларды тарту арқылы және бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді  қалыптастыруда катализатор ретінде шығатын өңірлік дамыту институты.

«Ертіс»  ӘКК мақсаты – өңірдің өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру.

Қоғам өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша саясатты мемлекеттік-жеке әріптестік механизмін іске асыру, әлеуметтік құрамдасын қолдау, еншілес және тәуелді ұйымдарда корпоративтік мәдениетті дамыту арқылы мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырады.

Екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда ӘКК жеке инвесторлармен әріптестік бастамада ынтымақтасады, яғни бірлескен кәсіпорын құру жолымен.

ӘКК, өңірлік даму институты ретінде, мемлекеттік-жеке әріптестік  аясындағы жобаларды іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

ӘКК ұлттық компания мәртебесі берілген, ол жер  қойнауын пайдалану бойынша конкурс өткізбей-ақ тікелей келіссөздер негізінде барлау және (немесе) өңдеу операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарт жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ӘКК нақты рәсімдерсіз олардың құнымен жарғылық капиталын толықтыру жолымен жер учаскелерін ала алады.


Байланысы
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 36
Телефон: +7 (7232) 70-23-88
e-mail: info@spkertis.kz


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге