Медиа орталық

ШҚО-да су электр станциясы пайдалануға берілді

ШҚО-да су электр станциясы пайдалануға берілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында шағын Тұрғысын СЭС пайдалануға берілді. Жобаның серіктесі - Қытай халықаралық Су шаруашылығы және энергетика корпорациясы (ҚХР). Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Инвесторлардың айтуынша, Тұрғысын өзенінде қуаты 24,9 МВт болатын СЭС құрылысы 2016 жылы басталған. Электр станциясын іске қосу электр энергиясын өндірудің өзіндік құнын азайтуға және оның тапшылығын жылына 78 млн кВтс төмендетуге мүмкіндік береді. СЭС іске қосылғаннан кейін ауданы 60 га су қоймасы құрылады, онда 7,6 миллион текше метрге дейін су шоғырланбақ.

«Су электр станциясының құрылысы-Шығыс Қазақстан үшін маңызды жоба. Оны іске асыру арзан баламалы электр энергиясын өндіру үшін өңірлік өндіруші қуаттар құруға және сырттан сатып алынатын көлемдерді жабуға мүмкіндік береді. Бұл ретте тарифтің ең қымбат құрамдас бөліктерінің бірі саналатын электр энергиясын тасымалдауға арналған шығыстар алып тасталады», - деп хабарлады шетелдік компания өкілдері.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 15 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Тұрғысын СЭС іске қосылуымен ШҚО-да атмосфераға көміртегі оксидтері шығарындыларының жылына 680 тоннаға азаюы болжануда.

«Нысанның құрылысы үшін орын кездейсоқ таңдалмаған. Тұрғысын өзені көпсалалы, резервтік қорларды жинақтау үшін сыйымды су қоймасын құру мүмкіндігі бар. СЭС үшін ең маңыздысы беріктік. Тұрғысын станциясы 50 градустық аяздармен және үлкен сумен тексеруден өтті. Шағын СЭС – тің жұмыс ресурсы 50 жыл және одан да көп уақытты құрайтынын атап өткен жөн», - деп хабарлады су электр станциясының құрылыс жетекшісі Қалаубек Баймұханбетов.

Сонымен қатар, инвесторлар атап өткендей, Тұрғысын СЭС құрылысы Тұрғысын өзенінде тағы да бірнеше су электр станциясын салуға мүмкіндік бермек.

Анықтама үшін:

Қытай Халықаралық Су шаруашылығы және энергетика Корпорациясы - құрылыс және инжиниринг саласындағы қытайлық консалтингтік компания, сумен жабдықтау және гидроэнергетика объектілерін салуға маманданған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге