Медиа орталық

ШҚО-да түрік инвесторлары әлеуметтік жобаны жүзеге асыра бастады

ШҚО-да түрік инвесторлары әлеуметтік жобаны жүзеге асыра бастады

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында жаңа жылу көзінің (қазандық) құрылысы басталды. «Mimsan Endustri Kazanlari Sanayi ve Ticaret A. S.» АҚ түрік компаниясының жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде іске асырылуда. МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 12 жылды құрайды, оның 10 жылын инвестор басқаратын болады.

Жоба белгіленген қуаттылығы 30 Гкал/сағ үш заманауи қазандықты орнату мен жылу көзін салуды көздейді. Негізгі отын көмір болмақ. Жылу маусымында қазандық 15 000 тонна көмір жаратпақ.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 4,5 млрд теңгеден асады. Оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 1,4 млрд теңгеге, жабдық (бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдық, сервер) 2,7 млрд теңгеге бағаланады. Қалған қаражат жобаны басқаруға бағытталады.

«Өңірде МЖӘ жобалары белсенді дамуда. Өңір басшылығының, KAZAKH INVEST және ҚР Түркиядағы елшілігінің бірлескен белсенді жұмысының арқасында бүгінгі күні шетелдік инвесторлар тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылықты арттыруға қол жеткізілді. Бұл жоба құнының 40% мөлшерінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыруды көздейді. Осылайша, мемлекет жобаға 1,6 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын салады, ал түрік кәсіпкерлері 2,8 млрд. теңгеден астам инвестиция салады», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Нартай Бейсеков.

Инвесторлардың айтуынша, жылу энергиясын өндіруінде жаңа қазандықта заманауи технологиялар қондану жоспарланған. Өз кезегінде, бұл органикалық отын шығынын және атмосфераға шығарындыларды азайтады. Жеке серіктестердің алдын ала есептеулері бойынша нысанда электр энергиясын тұтыну 50%-ға, ал отын шығыстары 25%-ға төмендейді.

Анықтама: «MIMSAN Endustri Kazanlari Sanayi ve Ticaret A. S.» АҚ - Түркияның жылу техникасы және энергетика саласындағы қазандар мен жылыту құрылғыларын өндіретін топ-5 компаниясының құрамына кіреді.



Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге