Салықтар бойынша преференциялар
Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
Инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортының қосылған құн салығынан босату.
ИМПОРТТЫ ҚҚС-ТАН БОСАТУ
инвестициялық келісімшарт шеңберінде
Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату:
-
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесіне енгізілген;
- шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген;
- әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші талап қою мерзімі шегінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдаланатын болады.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортының қосылған құн салығынан босату заңнамаға сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатарынан бес жыл мерзімге беріледі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласындағы Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделсе, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.