Орналасқан жері:
Ақтөбе облысы, Үріктау кен орны
Жобаның сипаттамасы:
Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үшін газды өңдеу қызметтерін ұсыну мақсатында газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салуды көздейді. Зауыт BOO (Build-Own-Operate) моделі бойынша, ал кен орнын абаттандыру объектілері BOT (Build-Own-Transfer) моделі бойынша салынады.
Жоба құрамында күкіртсутек пен меркаптан мөлшері жоғары газды терең өңдеуге бағытталған. Өңдеу тереңдігі кемінде 95% құрайды.
Жобаның негізгі көрсеткіштері:
|
Көрсеткіш |
Мәні |
|
Инвестиция көлемі (мың АҚШ долл.) |
Инвестордың есебі бойынша шамамен $400 – 600 млн |
|
Таза келтірілген құн (NPV) |
Инвестордың есебі бойынша |
|
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) |
Инвестордың есебі бойынша |
|
Өтеу мерзімі |
Инвестордың есебі бойынша |
|
Өндірістік қуаттылығы |
1 – 1,5 млрд м³/жыл |
|
Өндірілетін өнім көлемі |
Коммерциялық газ, СКГ, тұрақты газ конденсаты, түйіршіктелген күкірт |
Инвестициялық-техникалық сипаттамалар:
- Өндірістік қуаттылығы: 1 – 1,5 млрд м³/жыл
- Газ өндіру кезеңі: шамамен 20 жыл
- Күкіртсутек құрамы: 3,5 – 6%
- Меркаптан құрамы: 931,7 мг/м³
- Өңдеу тереңдігі: кемінде 95%
Технологиялық инфрақұрылым:
- 9 газ ұңғымасы
- Газ құбыры – 4,5 км
- Конденсат құбыры – 1 км
Өнім түрлері:
Коммерциялық газ – СТ ҚР 1666-2007
Сұйытылған көмірсутек газдары (СКГ) – СТ ҚР 1663-2007, ГОСТ 20448-2018
Тұрақты газ конденсаты – СТ ҚР 2188-2012, ГОСТ Р 54389-2011
Түйіршіктелген күкірт – СТ ҚР 3555-2020 (меншік құқығы мен басқару инвесторға беріледі)