Медиа орталық

Қазақстандық инвестор ШҚО-да көтерме-тарату орталығын салуда

Қазақстандық инвестор ШҚО-да көтерме-тарату орталығын салуда

Қазақстандық «Нарын-Сауда-ОПТ» ЖШС компаниясы Өскемен қаласында «Алтай» көтерме-тарату орталығының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды бастады. Жоба «Ертіс» ӘКК» АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда. КТО Алматы-Өскемен автомагистралінің жанында орналасады.

Инвесторлардың айтуынша, қазіргі заманғы жабдықтарды орнатуды қоса алғанда, құрылыстың жалпы құны 14,3 млрд теңгені құрайды. Инвестициялық жоба жалпы аумағы – 20 мың шаршы метр, 45 мың тоннаға дейін өнім тиеу мүмкіндігі бар екі көкөніс қоймасының, жалпы аумағы 2 160 шаршы метр кросс-доктың, сондай-ақ әкімшілік ғимараттардың кешенін салуды көздейді.

«Әрбір көкөніс қоймасы екі бөлімнен тұрады. Бірінші секцияда 5 мың тоннаға дейін жүк тиейтін температуралық режимі жоқ желдеткіш жабдығы бар уақытша сақтау қоймасы орналасады. Екінші секция - 17,5 мың тоннаға дейін жүк тиейтін тоңазытқыш жабдығы бар ұзақ мерзімді сақтау қоймасы», - деп атап өтті компанияда.

Өнімді сақтау мен қайта өңдеуден бастап тарату мен өткізуге дейінгі сапалы мамандандырылған қызметтерді көрсету үшін жобада паллеттерді пайдалана отырып, голланд технологиясы бойынша сақтау қарастырылған. Бұл әдіс ұзақ және тиімді сақтауды, сондай-ақ тауарларды тез жөнелтуді қамтамасыз етеді. Кросс-доктың жүйесі заманауи тиеу техникасымен, автоматты өрт сөндіру жүйесімен, бейнебақылаумен, сондай-ақ өнім туралы өзекті ақпаратты қамтитын ақпараттық мониторлармен жабдықталады.

«Бұл жобаны жүзеге асыру жергілікті шаруалар үшін көптеген артықшылықтар береді. Олардың қатарында өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, Қазақстанның азық-түлік нарығындағы отандық өндіріс үлесін және тауарлар экспорты үшін жаңа мүмкіндіктер жергілікті халықтың еңбек өнімділігі мен қаржылық әл-ауқатын арттырады», - деп хабарлады ШҚО бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директор Нартай Бейсеков.

Бұдан басқа, жоба өнімді тиімді аймақаралық қайта бөлуді ұйымдастыруға, бағаны тұрақтандыруға, импортты алмастыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлеңкелі айналымын заңдастыруға, тамақ өнімдерін сақтау мен қайта өңдеудің ұлттық технологияларын құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің ағындарын есепке алу мен болжаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға үлес қосатыны атап өтілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге